Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп тәрбиелеудің жағымсыз: есейген шағында да арыла алмайтын дереу әсер ететіндер мен ұзақ мерзімді зиян келтіретін салдары бар екенін көрсетті


Тууды тіркеу

Әрбір төртінші баланың туылуы бес жасқа дейін бүкіл әлемде тіркелмеген болып қала береді. Мемлекет тарапынан осы ресми танудың болмауы, әдетте, бала туу туралы куәлігін ала алмайтынын білдіреді. Туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелуі туралы дәлелдейтін құжат. Нәтижесінде оған медициналық қызмет көрсетуден немесе білім алудан бас тартылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда туылу туралы актіні тіркеу (99,7%) негізгі сипаттамалар бойынша қандай да бір айырмашылықсыз әмбебап екендігін көрсетті.

Балалардың 0,2 пайызында ғана туу туралы куәліктері болмады, бұл жағдай негізінен жасы 0-5 айлық балалар үшін тән; зерттеу кезінде олардың көпшілігі – ата-анасы туу туралы куәлік алып үлгермеген, жасы 0-1 айлық (7,7%) жаңа туғандар, себебі олардың баланы тіркеу үшін уақыты – екі айлық мерзім бар еді.

Балалардың тәртібі

Зорлық-зомбылық балалардың дамуын тежейді, оқуға ынтасын төмендетеді және мектептегі үлгеріміне әсер етеді; ол жағымды өзара қарым-қатынастың дамуын басады, өзін-өзі бағалауын, эмоционалдық стресс пен депрессияны туындатады және кейде әдейі өзіне зиян келтіру мен қатер төндіруіне алып келеді

Әрбір мәдениетте балаларды өзін-өзі бақылауға және өздерінің мекендеу ортасы – үйде, қоғамдық орындарда және тағы басқа жерлерде тәрбиелеудің ажырамас бөлігі ретінде қолайлы жүріп-тұруға оқыту әдістері бар. Тәрбиелеудің оң практикасы өзіне балаларды өзін-өзі ұстауды, өз эмоцияларын немесе жанжалдарды бақылауды, ақылдылық пен жауаптылықты ынталандыратын және балалардың өзін-өзі бағалауын, дене және психологиялық қол сұғылмаушылығы мен қадір-қасиетін сақтайтын тәсілдерді үйретуді қамтиды.

c7_fig1_kz

Қазақстанда зерттеу жүргізудің алдындағы бір ай ішінде жасы 1-14 жасты балалардың жартысынан көбіне (52,7 пайыз) қатысты ата-анасы немесе үй шаруашылығының ересек мүшелері психологиялық немесе физикалық жазалаудың бір шарасын қолданды (55,2% ұлдар мен 49,9% қыздарға кез келген зорлық-зомбылықтың жазалау әдісі қолданған).

Балалардың 47,2% психологиялық агрессияға ұшыратылған, шамамен балалардың 26,2% дене күші қолданылған.

Дене күшімен жазалаудың анағұрлым ауыр нысандары (баланың басынан, құлағынан немесе бетінен ұру немесе жиі қайталанатын соққылар) елде іс жүзінде қолданылмаған: жазалаудың қатаң түріне балалардың 1,0 пайызы ғана ұшыраған.

Тек зорлық-зомбылық әдісін қолданбай тәрбиелеген 42,7% қыздар мен 35,5% ұлдар. Бай үй шаруашылығында тұратын 42,7% балаларды зорлық-зомбылық әдісін қолданбай, ал кедей үй шаруашылығында 33,2% балалар зорлық-зомбылық әдісін қолданбай тәрбиелеген.

1-14 жастағы балаларды тәрбиелеу әдістері, Қазақстан, 2015 жыл
c7_plot1_kz

Некеге ерте тұру

Шын мәнінде, ерте жастан некеге тұру адамның құқықтарын бұзу болып табылады, қыздардың дамуына қатер төндіреді, ерте жүкті болуға және әлеуметтік оқшаулануға алып келеді, бұл ретте жалпы және кәсіптік білімнің төмен деңгейі кедейліктің гендерлік-сараланған құрылымын күшейтеді.

18 жасқа толғанша некеге тұру көптеген қыздар үшін шындық болып табылады. Әлемнің көптеген бөліктерінде ата-аналар өз қыздарының бала кезінде некеге тұруын бұл неке оларға қаржылай және әлеуметтік пайда әкеледі және сонымен қатар отбасының қаржылық ауыртпалығын жеңілдетеді деген сеніммен құптайды.

Қазақстанда әйелдер мен ер кісілер үшін некелік қатынасқа түсетін ресми 18 жас болып табылады және айрықша жағдайларда ғана жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша бұл жас дәлелді себеп: 1) жүкті болу және 2) ортақ баланың туылуы болған кезде екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетілуі мүмкін.

15-49 жастағы әйелдер арасындағы 15 жасқа толғанға дейін некеге тұрғандар 0,1%, ал 20-49 жастағы әйелдер арасындағы 18 жасқа толғанға дейін некеге тұрғандар 7,8%. 20-49 жастағы әйелдер арасындағы 18 жасқа толғанға дейін некеге тұру қалалық жерге қарағанда, ауылдық жерде тұратын әйелдер арасында көбірек таралғанын айтуға болады (9,5% бен 6,5% тиісінше).

18 жасқа толғанға дейін ресми (ресми емес) некеге тұрған әйелдердің үлесі шарықтау шегіне шамамен 20-25 жыл бұрын жеткен, сонан соң төмендеген.

Әйелдердің ерте жастан некеге тұруы, Қазақстан, 2015 жыл
c7_plot2_kz

Үйдегі зорлық-зомбылыққа көзқарас

c7_fig2_kz

Үйдегі зорлық-зомбылыққа көзқарас мынадай өмірлік жағдайлармен бағаланады: 1) егер әйелі күйеуіне айтпай үйден шығып кетсе; 2) егер әйелі балаларына қамқорлық көрсетпесе; 3) егер әйелі күйеуіне қарсылық көрсетсе; 4) егер әйелі жыныстық қатынастан бас тартса; 5) егер әйелінің тамағы күйіп кетсе.

Қазақстанда тұтастай әйелдердің 14,2% күйеуі/серігі әйелін/серігін көрсетілген бес жағдайдың кем дегенде - бірі бойынша ұруға немесе сабауға құқығы бар деп есептейді.

Күйеуі белгілі бір жағдайларда қолын көтеруге құқығы бар есептейтін әйелдер көбіне оны жақтайды, егер: әйел балаларға қамқорлық көрсетпесе (10,8%) немесе күйеуіне айтпай үйден шығып кетсе (4,1%) немесе оған қарсылық көрсетсе (5,4%), әйелдердің аз бөлігі күйеуіне жыныстық қатынастан бас тартқан (1,5%) жағдайда немесе тамағы күйіп кеткен кезде (0,7%) сабауды ақталған деп есептейді

25-29 жастағы әйелдер (17,0%), ауылдық жерде тұратындар (20,6%), қазіргі уақытта некеде тұратындар (17,7%), негізгі орта білімі бар (23,7%), өте кедей квинтильді үй шаруашылығында тұратындар (24,3%), басқаларға қарағанда, көрсетілген алты жағдайдың қайсыбірі бойынша күйеуінің қол көтеруін ақтайды.

Балалардың тұру нысандары және жетімдік

Бала құқықтарының конвенциясында “баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет” делінген.

Балалардың тұру нысандарын, оның ішінде өздері тұратын үй шаруашылығының құрамын және негізгі қамқоршыларының қарым-қатынасын түсіну, баланы күту және оның әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша нысаналы іс-шараларды әзірлеудің негізі болып табылады.

Қазақстанда шамамен 0-17 жастағы бес баланың төртеуі (82,0%) ата-анасының екеуі де бар толық отбасында, 13,1% – тек анасымен, ал 1,1% – тек әкесімен тұрады. Қазақстанда 10-14 жастағы балалардың 1% кем жетімдер болып табылады.

Туған әкелерінің тірі болуына қарамастан, тек қана анасымен балалардың – 9,2%, ал балалардың 0,8% – биологиялық анасы тірі болса да, әкесімен тұрады. Биологиялық ата-анасымен балалардың – 3,2% тұрмайды, бұл ретте балалардың 2,6% ата-анасының екеуі де тірі. Балалардың шамамен 5 пайызы ата-анасының біреуінен немесе екеуінен айырылған.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 222 60 16
+7 7172 749002
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter