Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Соңғы жылдары Қазақстанда кеудемен тамақтандыруды ерте бастаудың және бала мен ана арасындағы физикалық және көңіл-күй байланысын қалыптастырудың айрықша маңыздылығын түсінетін аналар үлесі ұлғаюда


Туылу кезінде төмен салмақ

Туылған кездегі салмақ ананың денсаулығы мен тамақтану жағдайының ғана емес, жаңа туған нәрестенің өмір сүру, өсу, ұзақ мерзімді денсаулық және психологиялық әлеуметтік даму мүмкіндіктерінің де көрнекі көрсеткіші болып табылады. Туылған кездегі төмен салмақ (2500 грамнан төмен деп айқындалатын) балалар денсаулығына бірқатар қауіп төндіреді. Дамушы елдерде туылған кездегі төмен салмақ бірінші кезекте денсаулықтың және ананың тамақтануының нашар болуына байланысты.

Қазақстанда тұтастай алғанда туылған кезде нәрестелердің 98,7% өлшенген; нәрестелердің 4,5% 2500 грамнан кем салмақ болды.

Туылған кездегі төмен дене салмағы қалалық жерге (3,8%) қарағанда ауылдық жерде (5,2%) кең таралған, сондай-ақ орта білімі бар (12,3%) және әл-ауқат индексі бойынша өте кедей квинтильдегі үй шаруашылықтарында тұратын аналардан салмағы төмен балалардың туылуы жоғары (12%).

Балалардың тамақтану жағдайы

Балалардың тамақтану жағдайы олардың денсаулығының жалпы жағдайын білдіреді.

Қазақстанда бес жасқа дейінгі 2,0% балалардың салмағы жеткіліксіз. Сонымен қатар бойының өсуі жағынан артта қалған балалар 8,0%, ал балалардың 3,1% жүдеу. Одан басқа, 9,3% балаларда артық салмақ бар.

Үй шаруашылықтарының әл-ауқаты және балалар салмағының арасындағы айқын өзара байланыс бар: өте кедей отбасындағы балалар бойының өсуі артта қалып жатыр, ал бай отбасындағы балаларда артық салмақ бар.

5 жасқа дейінгі балалар арасында салмақтың жеткіліксіздігі, бойының өсуі жағынан артта қалуы, жүдеу және артық салмақтың таралуы (нормадан ауытқудың бірқалыпты және үлкен дәрежесі). Қазақстан, 2015 жыл
c1_plot1_kz

Кеудемен тамақтандыру және нәрестелер мен ерте жастағы балаларды тамақтандыру

c1_fig2
Ең аз тағамдық түрлілікті немесе ең аз дегенде азық-түліктің 4 тобынан тұратын азық-түлік қабылдаған жасы 6-23 айлық балалардың үлесі 68,7% құрады.

Өмірінің алғашқы күндерінде балаларды кеудемен емізетін аналар оларды инфекциялардан қорғайды және лайықты қоректік заттардың қайнар көзін береді; бұған қоса кеудемен тамақтандыру үнемді және қауіпсіз болып табылады. Нәрестелер мен ерте жастағы балаларды тиісінше тамақтандыру өмір сүру мүмкіндігін ұлғайтуы, сондай-ақ әсіресе туған кезден бастап 2 жасқа дейінгі шекті кезеңде олардың оңтайлы өсуі мен дамуына ықпал етуі мүмкін.

Соңғы жылдары Қазақстанда кеудемен тамақтандыруды ерте бастаудың және бала мен ана арасындағы физикалық және көңіл-күй байланысын қалыптастырудың айрықша маңыздылығын түсінетін аналар үлесі ұлғаюда.

Туылғаннан кейін алғашқы күндері он баланың тоғызын кеудемен тамақтандырды, ал жасы 0-5 айлық он баланың төртеуі тек кеудемен тамақтандырылды.

Кез келген кеудемен тамақтандырудың медиандық ұзақтығы 15,6 айды құрады; тек кеудемен тамақтандыру – 1,8 ай және 4,9 ай – кеудемен тамақтандыру басымырақ.

Ең аз тағам түрлілігін немесе ең аз дегенде азық-түліктің 4 тобынан тұратын азық-түлік қабылдаған жасы 6-23 айлық балалардың үлесі 68,7% құрады.

Ұсынылатын тағамдық түрлілігі ең аз тағамды қабылдау жиілілігін орындау кезінде, сондай-ақ қолайлы ең аз тамақтануды ұйымдастыру кезінде анасының білім деңгейі, сондай-ақ үй шаруашылығының әл-ауқат деңгейінің рөлі маңызды.

Әр түрлі жастағы нәрестелерді тамақтантандыру құрылымы, Қазақстан, 2015 жыл
c1_plot2_kz

Тұзды йодтау

c1_fig3
Зерттеу кезінде әрбір үй шаруашылығында (98,0%) ас дайындау үшін пайдаланылатын тұзды талдауға арналған аспаптың көмегімен құрамында йодтың болуына талдау жүргізілді.

Зерттеу кезінде әрбір үй шаруашылығында (98,0%) ас дайындау үшін пайдаланылатын тұзды талдауға арналған аспаптың көмегімен құрамында йодтың болуына талдау жүргізілді.

90% астам үй шаруашылығы тиісті мөлшерде йодталған тұзды 15 РРМ-ден немесе астам (91,0%) тұтынатыны анықталды; үй шаруашылығының 3,7% құрамында йоды аз тұзды пайдаланады (15 РРМ-нен кем). Тек 0,6% үй шаруашылығында ғана тұз болмағаны көрсетілді.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 222 60 16
+7 7172 749002
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter