Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
Парниктік газдар шығарындылары (ПГ)

Парниктік газдардың шығарындылары

Жаңартылған күні: 08.02.2019

Көрсеткіш:

excel_знак В-6 Парниктік газдардың шығарындылары

Қысқаша сипаттамасы:

БҰҰ АӨНК Киот хаттаммасының А қосымшасына енгізілген парниктік газдардың тізіміне: көміртегінің қос тотығы (СО2), метан (СН4), азоттың шала тотығы (N2O), гидрофторкөміртегілер (ГФК), перфторкөміртегілер (ПФК), алтыфторлы күкірт (SF6) кіреді.

Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемін жалпы экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қалыптастырған жөн. Бұдан басқа, осы көрсеткішті жарияланымдарда халықтың жан басына шаққанда және тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында, сондай-ақ сатып алудың қабілеттілік тепе-теңдігінде (СҚТ) АҚШ долларында көрсетілетін ЖІӨ бірлігіне есептеп көрсету қажет.

Әдіснама:

Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге» сәйкес қалыптастырылады.

Парниктік газдарға түгендеу жүргізуге жауапты орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады.

Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің №214 «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 наурыздағы бұйрығына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын бағалау үшін Энергетика министрлігіне бастапқы деректерді жыл сайын ұсынады. Аталған құжат деректердің сапасын қамтамасыз етудің қағидасы мен көрсеткішті дайындау кезінде бақылау рәсімдерін айқындайды.

Өлшем бірліктері:

Көрсеткіш СО2-эквивалентінің миллион тоннасында өлшенеді. Мемлекетаралық салғастырулар мақсатында көрсеткішті сондай-ақ ел аумағының км2 мың тоннамен қалыптастыру ұсынылады.

Қысқаша түсіндіру:

1990 жылы парниктік газдардың (CO₂ баламасында) жиынтық шығарындылары 387,2 млн.т. құрады. Соның ішінде көміртегі оксидтарының, азоттың шала тотығы (N2O) мен метанның (СН4) шығарындылары жылына 272,7 млн.т., 17,9 млн.т. және 96,6 млн.т. тиісінше құрады. 2016 жылы парниктік газдардың жиынтық шығарындылары 1990 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді және 342,5 млн.т. құрады. Көміртегі диоксидтарының шығарындылары жылына 267,5 млн.т., азоттың шала тотығы (N2O) – 0,052 млн.т., метан (СН4) – 2,138 млн.т. құрады.

B-6_kk

Мақсаты:

Осы көрсеткіш қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларының бар және күтілетін қысымын анықтауға ғана емес, сонымен қатар нысаналы көрсеткіштермен салыстырғандағы парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға бағытталған, жүргізілетін ұлттық саясаттың тиімділігін, сондай-ақ нақты мақсаттарға жету жолындағы елдің ілгерілеу дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.

Сілтемелер:

1) 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме

2) «Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы» жинағы

3) «Жасыл даму» АҚ http://zhasyldamu.kz

4) Киот хаттаммасы бойынша жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі http://www.energo.gov.kz/

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 222 60 16
+7 7172 749002
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter