Loading...
Skip to content
Қалыпты нұсқа | Қаз | Рус | Eng
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі
Ұлттық Экономика Министрлігі
Статистика комитеті

Хабарландыру


26.08.2019

Ағымдағы жылдың 26 тамызынан бастап «Респонденттің кабинеті» мобильдік қосымшасы iOS базасы жабдықтарын пайдаланушыларға іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Аталған қосымша статистика органдарына ұсынуға қажетті статистикалық нысандар жайлы ақпараттарды қарауға, ұсынылған статистикалық нысандардың тарихын қарауға, қарыз есептер тізімі жайлы ақпарат алуға, сонымен бірге ұсынылатын статистикалық нысандардың тапсыру мерзімдері аяқталуға таяу қалғаны жайлы, дербес хабарламалар алуға мүмкіндік береді.

Жүктеуге арналған сілтеме - https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.stat.e_stat

 

14.08.2019

Құрметті пайдаланушылар!
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы" 2019 жылғы шілдедегі баяндамасы орналастырылғаны жөнінде хабарлаймыз.
 

15.07.2019
Құрметті пайдаланушылар мен респонденттер!
2019 жылғы 15-шілдеден 21-шілдеге дейін сағат 19:00-ден 00:00-ге дейін электр қуаты желісіндегі техникалық жұмыстарға байланысты ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Интернет-ресурстары (https:\\stat.gov.kz, cabinet.stat.gov.kz, taldau.stat.gov.kz, online.stat.gov.kz) іркіліспен жұмыс істеуі мүмкін.
Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!
 

14.06.2019

Құрметті респондентер!

Аумақтық статистика департаменттері Басшылардың әлеуметтік желіде өз жеке парақшаларын ашты.

Әрбір пайдаланушыларға мемлекеттік статистика саласында сұрақ қою мүмкіндігі бар.Түскен өтініштеріңіз қысқа мерзімде қаралатын болады.

Аумақтық статистика департаменттері Басшылардың Facebook-тағы аккаунтарының мекенжайлары төменде көрсетілген:

Аккаунтардың мекенжайларын сақтау

Файл: Жүктеу | Тип файла: Word | Размер файла: 77 KB

 

28.05.2019
Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Айдапкелов Н.С. 18 маусымда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Қазақстанның бухгалтерлер және кәсіпкерлер Ассоциациясы өткізетін семинарына қатысты. Осы семинар Қазақстанның 25 қаласында бір уақытта өткізіледі. Семинарға қатысу тегін. Семинарда бухгалтерлер мен кәсіпкерлер үшін қозғалатын маңызды тақырыптар:

- Статистика комитетінің қызметі туралы;

- Статистикалық нысандар (айыпбұлдар, қайта қараулар, қалыптастырулар);

- Статистикалық есептерді ұсыну;

- IT-дегі перспективалық жоспарлар («Респондент кабинеті» мобильді қосымшасы, e-mail және SMS хабарландырулар);

- сұрақ-жауап.

Барлық ақпарат https://rcpp.kz/ сайтында. Қатысу үшін https://seminar.rcpp.kz арқылы тіркелу қажет.

Сұрақтарды kazstat.rk@gmail.com электронды мекенжайына жіберуге болатынын қосымша хабарлаймыз. Кері байланыс үшін телефон номері және өзіңіз туралы мағлұматтарды көрсетуді сұраймыз. Сіздің сұрақтарыңызға жауаптар Статистика комитетінің www.stat.gov.kz сайтында орналастырылатын болады. Call center: 8 (7172) 74-90-02, 74-90-11.

17.05.2019
Құрметті респонденттер!
Ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап «Респонденттің кабинеті» мобильдік қосымшасы іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Аталған қосымша статистика органдарына ұсынуға қажетті статистикалық нысандар жайлы ақпараттарды қарауға,  ұсынылған   статистикалық нысандардың тарихын қарауға, қарыз есептер тізімі жайлы ақпарат алуға, сонымен бірге ұсынылатын статистикалық нысандардың   тапсыру мерзімдері аяқталуға таяу қалғаны жайлы, дербес хабарламалар алуға мүмкіндік береді.
Қосымша пайдаланушылар үшін Android базасында қол жетімді
Android базасында жүктеп алу үшін- 
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.stat.e_stat
 

 

11.04.2019
Кұрметті респондент!
Сізден «Респонденттердің пікіртерімі» Q-001 нысаны бойынша сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз.
Алынған мәліметтер статистика органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланылатын болады.
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
 

12.03.2019
ҚР ҚМ МКК жүйесіндегі техникалық проблемаларға байланысты сыртқы сауда статистикасы және сыртқы сауда бағасы индекстері бойынша ақпарат ҚР ҚМ МКК-нен деректер базасы алынғаннан кейін жаңартылады.
 

03.01.2019
Құрметті респонденттер!
Пайдаланушылар ағымының артуына және жүктеменің ұлғаюына байланысты Статистика комитетінің сайты аутқулармен жұмыс жасауда. Осыған байланысты есепті онлайн режимде тапсыру немесе жүгіртпені қарау үшін Респонденттің кабинетіне https://cabinet.stat.gov.kz тікелей сілтемесімен Комитеттің сайтына кірмей өтуіңіз қажет.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
 

05.07.2018
Қазақстан Республикасы Ұлттық куәләндырушы орталығының талаптарына сәйкес «Респонденттің кабинеті» NCALayer v.1.1.жаңа нұсақасына өтеді.
Осыған байланысты, жұмыс үшін NCALayer v.1.1.нұсқасын қолдану қажет екендігін хабарлаймыз. NCALayer v.1.1. жаңа нұсқасын орнату үшін 
жаңа NCALayer v.1.1. нұсқасын жүктеп орнату қажет 
Авторизация нұсқаулығымен мына жерде танысыңыз Респондент кабинетінде авторизация Нұсқаулық

05.06.2018
Құрметті респонденттер!
2018 жылғы 2 шілдеден бастап Респонденттің кабинетінде жұмыс істеу үшін NCALayer v.1.1. жаңа нұсқасын пайдалану қажеттігін хабарлаймыз.
http://pki.gov.kz сайтында енгізілген парольді қарау функциясы қосылған NCALayer v.1.1. қосымшасын жаңарту қолжетімді. NCALayer қосымшасының 1.1-ден төмен нұсқасын пайдаланатын пайдаланушыларға NCALayer 1.1. жаңа нұсқасын жүктеп, орнату қажет.

15.05.2018
Құрметті респондеттер мен пайдаланушылар!
Респонденттердің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша экономикалық қызмет түрі, кәсіпорындардың мөлшерлігінің коды және т. б. анықтамалар, жалпы сұратылған кәсіпорындардың мәліметтер бойынша алу үшін екінші деңгейдегі банктерге және басқа да органдарға беру үшін, Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді БСН немесе ЖСН арқылы іздеу скриншотты (Ctrl+Alt+PrtSc) жасау керек.

Барлық хабарландыру

Статистика комитеті2019