Соңғы мәліметтер
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (2019 жылғы I тоқсанға, теңге)
0,3
2019 жылдың 7 маусымыҚұрметті респонденттер!
Қазақстан Республикасының ҰЭМ СК ИАЖ «Е-статистика» арнасын кеңейту жылдамдығының 2 күнге ғана уақытша қайтарылғандығын хабарлайды.
2019 жылдың 31 мамырыҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаментінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы
2019 жылдың 22 мамыры«Респондент кабинеті» мобильдік қосымшасыҚазақстан Республикасы Ұлттық министрілігі Статистика комитеті Респондент кабинеті мобильдік қосымшасы іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұл бағдарлама статистикалық органдарға ұсыну ушін қажетті статистика нысандар туралы ақпаратты қарауға, статистикалық есептерді жеткізу тарихын қарауға, берешекті тексеруге мүмкіндік береді, есеп береудің орын алуы мен аяқталуы туралы жеке хабарламаларды алуға мүмкіндік береді. Қосымша Android платформасы үшін қол жетімді және «Play market»-тен жүктеп алуға болады.
2019 жылдың 21 мамыры
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысы Статистика департаментінің бос әкімшілік мемлекеттік лаузымдарға орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі, 2019 жылғы 23 мамыр сағат 16.00.
Сары Алмагул Айтуганкызы
2019 жылдың 29 сәуірі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысы Статистика департаментінің бос әкімшілік мемлекеттік лаузымдарға орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі, 2019 жылғы 3 мамыр сағат 16.00:
Демеуова Асем МаратбековнаЖубанова Меруерт Сабиргалиевна
2019 жылдың 24 сәуірі
Құрметті респонденттер!Маңғыстау облысы Статистика департаментінің Тіркелімдер басқармасымен 2019 жылдың 25 сәуірінде сағат 10.00-де Мұнайлы ауданының ауыл және ауылдық округ әкімшіліктерімен «Мұнайлы ауданы бойынша «Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі» (бұдан әрі – ТҚСТ) ақпараттық жүйесіне «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі мекенжай тіркеу кодын (МТК коды) сәйкестендіру туралы түсіндірме жұмыстары тақырыбына семинар өткізіледі.Семинардың өтетін жері: Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының ғимараты.2019 жылдың 19 сәуірі1424 Call орталығы
2019 жылдың 15 ақпаны2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп беру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына түзетулер көпшілік алдында талқылауға енгізді.«Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына ҚР Экологиялық кодексінің 154-бабына, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 87, 132-баптарына, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына, ҚР «жасыл экономика» бойынша тұжырымдамасына, ҚР Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 «Әкімшілік деректерді әкімшілік дереккөздермен тегін беру ережесін бекіту туралы» бұйрығына, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Қалдықтардың сыныптамасын бекіту туралы» № 169-п бұйрығына сәйкес, сонымен қатар жыл сайын Министрлік және Үкімет арасындағы «Өнеркәсіптік қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы және «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы бойынша стратегиялық жоспар көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі меморандумға сәйкес өзгерістер енгізіледі.Түзетулерді қабылдау мерзімдерін ескере отырып, 2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу туралы жылдық есеп қолданыстағы нұсқада «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады, ал 2019 жылдың қалдықтарды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп 2020 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылдың 1 наурызына дейін жаңа нысанда http://os.energo.gov.kz ҚОҚ БАЖ жүйесінде қалыптастырылады.
2018 жылдың 28 қыркүйегі
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, онымен табысты күрестің кепілі
2018 жылдың 11 қыркүйегіҚұрметті респонденттер! Сіздерді Мемлекеттік статистика органдарына ұсынуға қажетті статистикалық нысандардың тізімін ҚР ҰЭМ Статистика комитеті сайтында Респондент кабинетінде (https://cabinet.stat.gov.kz) ЭЦҚ-сыз көруге болатыны жайында хабардар етеміз.
2018 жылдың 16 наурызы2019 жылға арналған статистикалық нысандарды қайта қарау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуетті респонденттермен жұмыс кездесулерін өткізу кестесі
2018 жылдың 12 қаңтары ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша Филиалы (бұдан әрі – АЕО РМК Филиалы) халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл Маңғыстау облысындағы жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі.Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саны, жұмысқа орналасудың түйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жұмыспен қамту мен аймақтардың әлеуметтік дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады.Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды.Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сізге нақты апта ішінде еңбек қызметіңізге қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады: сіз қандай жұмыс атқардыңыз, қанша сағат істедіңіз, егер жұмыс істемесеңіз, оған қандай себеп болды.Сіз қазіргі кезде жұмыс істемесеңіз де, бұл шараға қатысуыңыздың маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы анықтама көрсетеді. Оның келу уақытын "ҚР ҰЭМ СК АЕО" ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша Филиалының жұмыс уақыты кестесінен нақты білуге болады.Сіз 70-19-60 байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады. Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!Интервьюерлер тізімі
2017 жылдың 07 сәуірі
Аттестация кестесі
Аттестация қорытындылары
2019 жылдың 25 қыркүйек
Құрметті респондент!Маңғыстау облысының статистика Департаменті 2019 жылдың 30 қыркүйек күні сағ 11.00-де құрылымдық статистика Басқармасының ұйымдастырумен «Статистикалық деректерді электрондық нұсқада тапсыру. Шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері». өткізілу туралы жоспарланып отырғанын қаперіңізге береді.Семинардың өтетін жері: Ақтау қ. 23 ш/а. 41 ғим, 4 қабат №401 кабинет.
2019 жылдың 6 маусымыҚұрметті респонденттер!
Тіркелімдер басқармасы 2019 жылдың 11 маусымында сағат 10.00-де ауылдық (селолық) округ және ауыл (село) әкімдіктердің мамандарына «Дәптердің және ЭӘШБЕА БҚ-дағы бөлімдерді толтыру реті. Жартыжылдық және жылдық есептілікті тапсырудағы айырмашылықтарды қадағалау» тақырыбына семинар/кеңес өткізіледі.Семинардың өтетін жері: 23 шағын аудан, 41 үй, 401 кабинет.Құрметті респонденттер!Тіркелімдер басқармасымен 2019 жылдың 11 маусымында сағат 15.00-де Маңғыстау облысының аудандық, қалалық статистика басқармалырының басшылары және мамандарымен «ТҚСТ АҚ жандандыру» тақырыбына семинар/кеңес өткізіледі.Семинардың өтетін жері: 23 шағын аудан, 41 үй, 401 кабинет.2019 жылдың 23 мамырыҚұрметті респондеттер!Статистика органына келмей-ақ, тізімдік қызметкерлердің санын, негізгі және қосымша қызмет түрлерін, байланыс ақпараттарын (телефон нөмірлерін, электрондық поштаны) Респонденттің кабинетінде орналасқан «Жеке мәліметтер» бөлімінде ауыстыруға болатындығын Сізді хабардар етеміз.
2019 жылдың 15 мамыры
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаментінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыруы
2019 жылдың 4 мамырыҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысы Статистика департаментінің ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі:
Демеуова Асем МаратбековнаЖубанова Меруерт Сабиргалиевна2019 жылдың 23 сәуірі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаментінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыруы
2019 жылдың 19 ақпаныҚұрметті респонденттер!Е-статистика сайтында жеке кабинетте электронды каталогтан тыс тіркеуге қатысты жаңа Есеп беру күнтізбесі (2019) қол жетімдіНұсқаулық:Электрондық е-статистиканы ашыңыз, жеке кабинетке арқылы есептік күнтізбеге өтіңіз1) «Каталогтан тыс респонденттер» категориясын таңдайсыз 2) Қажетті аумақты таңдайсыз3) «Ашу» түймені басыңыз4) Терезесі ашылады5) Ашылатын терезеде жауап берушіні таңдап, «каталогқа» деп түймешікті басыңыз2019 жылдың 18 ақпаныҚұрметті респонденттер!2018 жылдың қараша айынан бастап e.stat.kz жаңа Есеп Күнтізбесі қол жетімді. Қазіргі уақытта параллельде 2 күнтізбе бар.2019 жылдың қаңтар айы 15 ақпанда қысқартылатын болады, сондықтан қаңтар мен 2019 жылдың барлық статистикасы жаңа күнтізбеде болады.Осылайша, қаңтар және 2019 жылдың кейінгі кезеңдерінде есеп бергендердің статистикасы жаңа ЕК-де қалыптасады. Атауы «Есеп беру күнтізбесі (2019)» болады.Ағымдағы Күнтізбеде 2019 жылдың 15 ақпанынан бастап статистика құру үрдісі өшіріледі.(мұнда Сіз 2018 және алдыңғы жылдар бойынша есеп беру туралы ақпаратты көре аласыз).Ағымдағы ЕК-ке қол жеткізу өткен кезеңдердегі статистиканы жаңадан көшіргенге дейін порталда болады.Осы модульді қолданатын қызметкерлерге хабарлауды сұраймыз!2019 жылдың 18 қаңтары«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген туралы. Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. 8.06.2018 жылғы заңды күшіне енген «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгендігі туралы Маңғыстау облысының Статистика департаменті хабарлайды. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады деген Мемлкеттік статистика туралы ҚР заңының 12-1 бабына өзгерістер енгізілген. Заң «Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай-ақ профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады» деген жаңа 12-2 баппен толықтырылды. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбағанын, сондай-ақ анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау түрінде жүзеге асырылады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда респонденттерге бармай-ақ профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды ресімделеді, ол бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде респондентке жіберіледі. Қорытынды респондентке қол қойғызып, жеке өзіне табыс етіледі немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе ресми дереккөздерден алынған электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабармен не алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі. Респондентке арналған қорытынды респонденттің тіркелген жеріне жіберіледі. Осы бапта қорытынды тиісті түрде жеткізілген туралы жағдайлар көрсетілген. Респонденттің қорытындыны қабылдаудан бас тартуы одан әрі процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайтындығын айта кеткен жөн. Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс. Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғауына құқық береді. Осылайша бұл бап, статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзған респондентке бұзушылықты жою үшін мүмкіндік пен уақыт береді.2019 жылдың 4 қаңтарыҚұрметті респонденттер!!!
Маңғыстау облысының Статистика департаменті хабарлайды, сайтқа қосымша жүктеме болмау үшін «Респондент кабинетіне» онлайн режимінде баяндаманы жеткізу үшін жеке сілтеме жасалды cabinet.stat.gov.kz.
2019 жылдың 4 қаңтарыҚұрметті респонденттер!!!Онлайн режимде 24-сх (айлық), 1-П (айлық), 3-байланыс (айлық), 1-көлік (айлық), 2-сауда (айлық), 1-ТС (айлық), 3-сх (майлы) (тоқсандық), 1-Ц (жалға беру) (айлық), 1-инвест (айлық) статистикалық нысандары бойынша есептілікті тапсыру мерзімі 2019 жылғы 4 қаңтарға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.
2018 жылдың 12 желтоқсаны
Құрметті респонденттер!!!
Маңғыстау облысы Статистика департаменті статистикалық есепті толтыру барысында мекеме басшысының электрондық пошта мекенжайы мен телефонын көрсетуді сұрайды.
Құрметпен: Респонденттермен жұмыс басқармасы, анықтама телефоны: 31-90-67.
2018 жылдың 17 маусымыҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысы Статистика департаментінің ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі:Дюсембаева Жанар СандибаевнаТаурузов Рашид СергеевичИзжанова Айман МагинтаевнаСуитова Карачаш ДанабаевнаБектурсунова Марзия Насырхановна2018 жылдың 02 шілдесі
Құрметті респонденттер! 2018 жылғы 2 шілдеден бастап Респонденттің кабинетінде жұмыс істеу үшін NCALayer v.1.1. жаңа нұсқасын пайдалану қажеттігін хабарлаймыз.http://pki.gov.kz сайтында енгізілген парольді қарау функциясы қосылған NCALayer v.1.1. қосымшасын жаңарту қолжетімді. NCALayer қосымшасының 1.1-ден төмен нұсқасын пайдаланатын пайдаланушыларға NCALayer 1.1. жаңа нұсқасын жүктеп, орнату қажет.
2018 жылдың 30 мамыры
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мақала
2018 жылдың 4 қаңтары
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша арнайы бейнеролик
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаменті келесі әлеуметтік желілерде тіркелгенін хабарлайды:
https://vk.com/id294148884
https://www.instagram.com/mangystaustat/
https://www.facebook.com/profile.php?id=100017615561419
2019 жылғы мамырға 2-сауда нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі 2019 жылғы 1 тоқсанға 2-ШК нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 2-ШК нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға 1-ӨҚ нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 1-ӨҚ нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға 1-ШНҰ нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 1-ШНҰ нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2019 жылғы 1 тоқсанға 2-қызмет көрсету нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2018 жылға 2-қызмет көрсету нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға 2-туризм нысаны бойынша есп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 3-АҚПАРАТ нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 11-форма нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 1-инновация нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 1-Т жылдық нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 1-Т Бос орын нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 1-Т Еңбек жағдайы нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2017 жылға 1-Ғылым нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылға 1-ВТ жылдық нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2018 жылға 1-ТЭБ жылдық нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2017 жылға 1-ИП жылдық нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2018 жылғы 3 тоқсанға 1-Т нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2018 жылғы 4 тоқсанға 1-Т нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2018 жылғы қыркүйекке 2-Т ПРОФ нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2017 жылға 2-Т Еңбекақы нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2018 жылға 1-СТ нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2018 жылға 2-ТР (қосалқы қызмет) нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2018 жылға 2-көлік нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі
2018 жылғы 4 тоқсанда ТР-001 нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға КП-001 нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға КС-001 нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға КС-002 нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға КСВ-1 нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға КТ-001 нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға КТР-1 нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі2019 жылғы 1 тоқсанға КТУ-001 нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі