Өнеркәсіптің өндіріс индексі 103% құрады
2019 жылғы қаңтар – қазанда 2018 жылғы сәйкес кезеңге өнеркәсіптік өндірісінің индексі 103% құрады. 2018 жылғы қаңтар – қазанмен салыстырғанда ағымдағы кезеңде Жарқайың (70,4%), Егіндікөл (71,5%), Сандықтау (76,8%), Аршалы (89,4%), Зеренді және Ерейментау (94,9%), Есіл (95,1%), Астрахан (96,5%) аудандарында өндірістің төмендеуі байқалды. Ағымдағы кезеңде барлық өнімнің 79,1% жұмыс істейтіндер саны 100 адамнан асатын өнеркәсіп кәсіпорындар өндірді, 11,3% - жұмыс істейтіндер саны 100 адамға дейін өнеркәсіп кәсіпорындар және 6,8% - қосалқы өндірістер өндірген. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 9,5% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 2019 жылдың қаңтар – қазан айында 59 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 14,4% жоғары. 2019 жылдың қаңтар –қазанында өңдеу өнеркәсібінде 505,9 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 1,1% жоғары. Өңдеу өнеркәсібінің 16,7% тамақ өнімдерін өндіруіне келеді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 113,1% құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау қызмет түрінде 48,5 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 1,1% құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 2019 жылдың қаңтар – қазанында 6,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 11,3% төмен.