Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Құрметті статистикалық ақпаратты пайдаланушылар!

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру»

2 Көрсетілетін қызметті беруші

«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК және оның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы, облыстардағы филиалдары

3 Көрсетілетін қызметті тұтынушылар

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі

4 Көрсетілетін қызметтің нысаны

электрондық/қағаз.

5 Көрсетілетін қызметті ұсыну орны

«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК және оның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы, облыстардағы филиалдары (мекенжайлар)

6 Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

- «электрондық үкімет» порталына;

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына;
– «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК және оның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы, облыстардағы филиалдарына жүгінеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушы өтінішті беру арқылы ұсынылады. Мекенжайлар мен телефондар бойынша құжаттарды дұрыс толтыру жөнінде консультация алуға мүмкіндігі бар.

7 Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) портал арқылы:

электрондық сұрау;

төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек және төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).

2) Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы (жеке басты куәландыратын құжат бойынша; өкілеттікті растайтын құжат бойынша немесе сенімхат бойынша):

осы Стандартқа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер;

төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек және төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).

8 Көрсетілетін қызметтің құны

 

Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша прейскурант Министрліктің www.economy.gov.kz., Министрліктің Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Төлем тәсілі – қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау берілген жағдайда төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем кезінде көрсетілетін қызметті алушының төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін төлем тапсырмасында көрсету талап етіледі.

9 Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

2) мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсеткен жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру графигі жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

10

Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

1) Портал, Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік 11 (он бір) күн;
2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияда немесе көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініштерді қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
11 Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама;
осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатыны туралы хабарлама.
Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қағаз жеткізгіште беру;
осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес статистикалық ақпаратты электрондық форматта беру туралы хабарлама;
осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатыны туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз.

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы №77 бұйрығымен бекітілді (02.09.2019 ж. №19322 ҚР ӘМ-де тіркелді).

Аталған қызмет «электрондық үкімет»- egov.kz. веб-порталында онлайн тапсырыс беруге қолжетімді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша : 8 (727) 331-27-15 телефонына жүгінуге болады.

«ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 және 26 -баптарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға өтеулі негізде шарт жасау арқылы статистикалық ақпаратты береді.

Қолдау қызметі: Help@statdata.kz.

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙРЫҚ № 271 2017 жылғы 5 шілде

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙРЫҚ № 140 2018 жылғы 9 сәуір

2015 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметі туралы есебі

2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметі туралы есебі

2017 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметі туралы есебі

2018 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметі туралы есебі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жасаудың нәтижелері

Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығы

ӨТІНІШ НЫСАНЫ

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру»
мемлекеттік қызметін көрсету бойынша шағымдану тәртібі

Көрсетілетінқызметтіберушініңжәне (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданғанжағдайда, шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 01000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй, «Министрліктерүйі», 4-кіреберіс, телефондар: 8 (7172) 74-91-18, 74-95-07, факстар: 8 (7172) 74-96-10.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

Шағым қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болғанжағдайда) не заңды, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына не Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол қаралуға қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым мен жүгіне алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалаужәне бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 222 60 16
+7 7172 749002
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter