.................................................................................................
Семинарлар, конференциялар, кездесулер мен іс-шаралар
Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігі өкілдерінің «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (ОКВЭД) енгізу тәжірибесін зерделеу» тақырыбындағы оқу сапары
2018 жылғы 22-23 қаңтарда Астанада Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігі өкілдерінің оқу сапары өтті.
Оқу Дүниежүзілік банктің «Екі жақты серіктестік: Тәжікстанда статистиканы дамытудың ұлттық стратегиясы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Оқу барысында қарастырылған тақырып: «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (ОКВЭД) енгізу тәжірибесін зерделеу».
Оқу барысында Статистика комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының статистикалық жіктелімдерінің ағымдағы жүйесінің, статистикалық бизнес-тіркелімнің презентациясын өткізді, сондай-ақ «Жіктелімдер және стандарттар» ақпараттық жүйесінің негізгі модульдері мен функцияларын қарастырды.
Оқу сапарының нәтижелері бойынша Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігінің өкілдері Қазақстан Республикасының статистикалық жіктелімдерді дамытудың жоғары деңгейін және жіктелімдер саласындағы білімнің құрылымдалуын атап өтті.
Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігі өкілдерінің «Сыртқы сауданы, оның ішінде баға индексін терең талдаудың заманауи әдісі» тақырыбындағы оқу сапары
2018 жылғы 28-30 наурызда Астанада Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігі өкілдерінің оқу сапары өтті.
Оқу барысында қарастырылған тақырып: «Сыртқы сауданы, оның ішінде баға индексін терең талдаудың заманауи әдісі».
Оқу барысында Статистика комитетінің қызметкерлері деректерді қалыптастыру кезінде қазақстандық тарап пайдаланатын әдіснамалар мен жіктеуіштерге пайдаланылатын Қазақстан Республикасының сыртқы және өзара сауда статистикасын қалыптастыру туралы, Қазақстан Республикасында сыртқы сауда бағалары индекстерінің құрылысы туралы презентацияларды өткізді.
Оқу сапарының нәтижелері бойынша Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігінің өкілдері Статистика комитетімен одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.
БҰҰ Статистикалық комиссиясының 49-шы сессиясы
2018 жылғы 6-9 наурыз аралығындағы кезеңде Нью-Йорк қаласында (АҚШ) БҰҰ Штаб-пәтерінде БҰҰ Статистикалық комиссиясының 49-шы сессиясы өтті.
49-шы сессиясының жұмысына 140 елдің және 40-тан астам халықаралық ұйымдардың, БҰҰ өңірлік және функционалдық бөлімшелерінің делегаттары қатысты. 49-шы сессияға ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Н.С. Айдапкелов қатысты.
49-шы сессияда Тұрақты даму мақсаттары саласындағы деректер ағыны бойынша басқарушы қағидаттарды әзірлеу, ашық деректермен жұмыс істеу бойынша ұсынымдар, үй шаруашылықтарын зерттеу саласында жұмыс істеудің басым бағыттары, ұлттық шоттар жүйелері, статистикалық жіктелімдер, экологиялық және экономикалық есепке алу, мүгедектік, көші-қон, еңбек және жұмыспен қамту бойынша деректерді жинауды, дайындауды және таратуды жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылды.
Сондай-ақ, отырыс барысында Интеграция және макроэкономика Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшесі (Министр) Т.Д. Валовая төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ұлттық статистика қызмет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында статистика саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағытындары мәселелер талқыланды.
Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің 12-ші отырысы
2018 жылғы 5 сәуірде Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің (бұдан әрі - Комитет) он екінші отырысы ЕЭК Интеграция және макроэкономика алқасының мүшесі Т.Д.Валоваяның төрағалығымен өтті.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері комитет мүшелерімен бірге отырысқа қатысты.
Комитет отырысында ЕЭО-ның цифрлық күнтәртібінің статистикалық көрсеткіштерінің тізбесі және тізбе көрсеткіштеріне сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша жинақтама жіктеу топтарын пайдалану талқыланды.
Отырысқа қатысушылар Тұрақты даму мақсаттарына жетудің өңірлік көрсеткіштерін жетілдіру, ЕЭО жіктелімін құру және Одақ елдеріндегі халықаралық сауда статистикасының интеграцияланған деректерін қалыптастыру мәселелерін қарастырды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Индустрия, инновация және кәсіпкерлік комитетінің отырысына Қазақстан делегациясының қатысуы
2017 жылдың 26-28 сәуір аралығында Париж қаласында (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Индустрия, инновация және кәсіпкерлік комитетінің отырысы өтті. Комитет отырысында түрлі агенттіктерінің сарапшылары, оның ішінде ҒЗТҚЖ (НИОКР) және инновациялар саласындағы қызметкерлер, солардың ішінде ЕО және Азия мемлекеттерінің ғалымдары қатысты.
Қазақстан Республикасы тарапынан Инвестициялар және даму министрлігінің, «ПИТ» Автономиялық кластерлік қоры, Статистика комитеті, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысты.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің Статистикалық қызметтер басшылары Кеңесінің 57-ші отырысы
31 мамыр 2017 жыл. Әзірбайжан Республикасы (Баку қ.)
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің Статистикалық қызметтер басшылары Кеңесінің (одан әрі - Кеңес) 57-ші отырысы 2017 жылдың 31-ші мамырда Баку қаласында өтті. Отырысқа Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикаларының Ұлттық статистикалық қызметтерінің, сонымен қатар ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар ТМД мемлекет басшылары кеңесінің: «ТМД мемлекеттерінің 2020 жылға халық санағын өткізу туралы» және «2017-2020 жылдары аралығында БҰҰ-ң мамандандырылған мекемелер және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа құрылымдары арасындағы статистика саласындағы байланыстарды одан әрі кеңейту және өзара қарым-қатынасты тереңдету негізгі бағыттары жөніндегі» шешімдерін талқылап қарастырды.
Сонымен қатар, Кеңес отырысында 2018 жылға арналған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекетаралық статистикалық комитетінің жұмыс жоспары, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы статистикалық қызметтер басшылар кеңесінің 2016 жылғы және ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің 2016 жылғы жұмыстары бойынша есебі бекітілді.
2017 жылдың 19-21 маусым аралығында Женевада БҰҰ ЕЭК штаб-пәтерінде Еуропалық статистиктер Конференциясының кезекті 65-ші пленарлық отырысы және Статистика және саясат жөніндегі ЭЫДҰ Комитетінің статистика саласындағы 14-ші кездесу өтті
2017 жылдың 19-21 маусым аралығында Женевада БҰҰ ЕЭК штаб-пәтерінде Еуропалық статистиктер Конференциясының кезекті 65-ші пленарлық отырысы және Статистика және саясат жөніндегі ЭЫДҰ Комитетінің статистика саласындағы 14-ші кездесу өтті.
Қазақстандық делегацияны Статистика комитетінің Төрағасы Н.С. Айдапкелов басқарды. Сессияға 58 елдің және 19 халықаралық ұйымдардың делегаттары қатысты. Сессия барысында Конференция геокеңістік деректері мен ресми статистиканың интеграциясы мәселелерін, кедейлікті өлшеу нұсқаулығы бойынша қалыптасқан жағдайды, «Тұрақты даму мақсаттарына арналған Жол картасын», климаттың өзгеруіне қатысты басты көрсеткіштер жиынтығын, Ресми статистика пайдалылығын, төленбейтін үй жұмыстары және демографиялық болжам бойынша ақпарат ұсыну мәселелерін талқыланды.
Конференция Ресми статистикалық жаңғырту бойынша жоғары деңгейдегі Тобының қызметін қолдады. Кедейлікті өлшеу мәселесіне ЕСК шеңберінде ұйымдастырылған семинар арналды, ол жаңа тұрақты даму мақсаттарының құрылуына байланысты статистикалық қауымдастықтың әрекет жоспарын анықтауға мүмкіндік берді.
21 маусым күні Төраға статистика және статистикалық саясат жөніндегі ЭЫДҰ комитетінің 14-ші отырысына қатысты.
Тұрақты даму мақсаттарына жетуді мониторингілеу сұрақтары бойынша семинар
25-27 қыркүйек (Бурабай ауылы, Қазақстан)
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25-27 аралығында Қазақстан Республикасы ҰЭМ Статистика комитеті БҰҰ жүйесі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен барлық мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, кәсіподақтар бірлестігі, ғылыми-зерттеу ұйымдары, үкіметтік емес секторы, БҰҰ агенттіктерінің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен ТДМ статистикасы бойынша алғашқы ұлттық техникалық кеңес өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық статистикалық жүйенің ТДМ мониторингі үшін жаhандық индикаторларды өндіруге даярлығын бағалауды жүргізу, сонымен қатар Қахақстан үшін өзекті болатын қосымша ұлттық индикаторларды анықта болып табылады.
Жалпы, кездесу үш бөлімге бөлінді:
-Кездесудің бірінші бөлімі атқарылған жұмыстың халықаралық және ұлттық деңгейде қарастыруға, аталған бағытта өзге елдердің тәжірибелерімен танысуға («ұлттандыру», басты тараптармен кеңес өткізу, есептілік пен мониторингтеу үшін ұлттық платформаларды қалыптастыру, елдік баяндамаларды дайындау) бағытталған;
-Кездесудің екінші бөлімінде қатысушылар 8 топқа бөлінді. Әр топ екі фасилитатордың төрағалығымен жұмыс жасады, әрбір бірінші фасилитатор халықаралық сарапшы болып саналатын мемлекеттік орган өкілі.
Семинар нәтижесінде ұлттық статистикалық жүйенің ТДМ мониторингі үшін жаhандық индикаторларды өндіруге даярлығын бағалауға қатысты, сонымен қатар ұлттық көрсеткіштер бойынша жұмыстар жасалды.
Аталған іс-шара барысндағы оң нәтижелердің бірі ТДМ мониторингілеу мәселелері бойынша ведомствоаралық Жұмыс тобы шеңберіндегі жеке және Үкіметтік емес секторлардың, мемлекеттік органдардың қатысушыларының арасындағы ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты түзету болып табылады. Жаhандық индикаторларды бірлесе талқылау және басым ұлттық көрсеткіштерді анықтау қатысушыларға дамудың жаhандық күн тәртібінің ТДМ үдерісін жүзеге асыруда өзіндік орны мен ролін, мәнімен белгіленуі мен мағынасын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы Статистикалық консультативтік комитетінің 11-ші отырысы
5 қазан (Мәскеу, Ресей Федерациясы)
2017 жылы 5 қазанда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Статистикалық консультативтік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) 11-ші отырысы Интеграция және макроэкономика Алқасының мүшесі Т.Д.Валованың төрағалығымен өтті.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері Комитет мүшелерімен бірге кездесуге қатысты. Бұл отырысқа ҚР ҰЭМ Статистика комитеті төрағасының орынбасары Г.М. Керімханова қатысты.
Комитет отырысында 2018 жылға арналған Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикалық жұмыс бағдарламасының жобасы, 2016-2020 жылдарға арналған ЕЭО-тың Статистикалық бағдарламасында интеграцияны жүзеге асыру бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы, Еуропалық экономикалық одақ аймағындағы Тұрақты даму мақсаттарына жетуді көрсететін басым статистикалық көрсеткіштер тізбесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржылық статистика тұрғысынан ЕЭК ресми статистикалық ақпараттарының статистикалық көрсеткіштері тізбесін жаңартуға арналған ұсыныстар мақұлданды.
Ресми статистика заңына арналған семинар
21-22 қараша (Кишинев қ., Молдова)
21-22 қараша аралығында Кишиневте (Молдова Республикасы) Молдова Республикасының ұлттық статистика бюросымен бірлесе отырып, Еуростат ұйымдастырған жоғары деңгейдегі семинар ұйымдастырылды.Бұл семинарға ШЕКОА елдерінің ұлттық статистикалық қызметтері, Молдова Республикасының Үкіметі мен Парламенті, ЕО, Еуростат, Молдова Республикасының БҰҰ Басқармасының жоғары деңгейдегі өкілдері қатысты.Бұл семинарда Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары Қ.Қ. Орынханов болды.
Семинар барысында Молдавия тарапы ШЕКОА елдерінің әріптестерімен Молдова Республикасының ресми статистика туралы жаңа Заңын дайындау мен қабылдау тәжірибесімен бөлісті.
Тараптар құжаттың негізгі элементтері бойынша озық тәжірибемен алмасып, жалпы ұлттық статистикалық жүйені оның ішінде заңнамалық базаны, сапаны басқару жүйесін, әкімшілік деректерге қол жеткізуді, құпиялылықты және ресми статистикалық ақпараттарды таратуды қоса алғанда маңызды мәселелерді талқылады.
«Тұрақты даму мақсаттарын өндіруде дәтүрлі емес деректер көздерін біріктіру: Институционалдық және біріктірушілік орта, ынтымақтастық, сұхбат және серіктестік» халықаралық семинары
28-30 қараша (Алматы қ., Қазақстан)
2017 жылы 28-30 қарашасы аралығында Алматы қаласында (Қазақстан) «Тұрақты даму мақсаттары индикаторларын өндіруде дәстүрлі емес деректерді интеграциялау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды БҰҰ Статистикалық бөлімі, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті ұйымдастырды.
Семинарға Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия (ШЕКОА) ұлттық статистикалық мекемелердің өкілдері, БҰҰ статистикалық бөлімі, БҰҰ ЕЭК, Дүниежүзілік банк, БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы, БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында тұрақты даму мақсаттары көрсеткіштерін өндіруде дәстүрлі емес көздерді (әкімшілік деректер, тізілімдік жазбалар, геокеңістіктік деректер) пайдалануы қарастырылды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің статистикалық қызметтер басшыларының кеңесі
20 желтоқсан (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы)
2017 жылғы 20 желтоқсанда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) ЕЭО мүше мемлекеттердің ұлттық статистикалық қызметтері басшыларының кездесуі өтті. Ол кездесуде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары Қ.К. Орынханов қатысты.
Кездесу барысында ЕЭО мүше мемлекеттерде 2008 жылғы ұлттық шоттар жүйесін енгізу, халықаралық статистикалық жіктеу, 19-шы Халықаралық Еңбек статистикасының халықаралық конференциясында қабылданған жаңа стандарттар, Тұрақты даму мақсаттарына жету көрсеткіштері, 2020 жылғы ұлттық халық санағының дайындығы және цифрлық экономикадағы статистикалық байқау мәселелері талқыланды.
Ұлттық банктердің өкілдерімен біріге отырып төлемдер теңгерімінің «айналық» статистикасын орындау үшін бастапқы статистикалық деректермен алмасу мәселесі қарастырылды.
ЕЭК мүше мемлекеттер статистикалық қызметтері басшыларының Кеңесі
2016 жылғы 21 желтоқсан күні Мәскеу қаласында ЕЭК мүше мемлекеттер статистикалық қызметтері басшыларының Кеңесі өтті.
Статистика комитетінің Төрағасы 2016 жылғы 21 желтоқсанда Мәскеу қаласында ЕЭК макроэкономика және интеграция бойынша Колегия Мүшесі (Министр) Т.Д. Валовая басшылығымен өткен «Еуразиялық экономикалық одағы статистика қызметінің өзекті мәселелері» статистика қызметтері басшыларының кеңесіне қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
● ҰШЖ 2008 енгізу саласындағы шақырулар мен тәсілдер;
● Халық санағы және тұрғын үй қоры 2020 ж. дайындық;
● Еңбек, еңбек қызметі, жұмыспен қамту және жұмыс күшін қолданбау статистикасы халықаралық 19-шы конференция революциясы;
● Халықаралық статистикалық жіктелімдерді енгізу.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Статистикалық комитетінің 6-шы сессиясы
Статистика комитеті 2016 жылғы 3-6 қараша күндері Конья қаласында өткен ИЫҰ 6-шы сессиясына және ИЫҰ мүше елдерінің ұлттық статистикалық офистері үшін сарапшылық тобының Отырысына қатысты.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Статистикалық комитетінің (ОИС STATCOM) 6-шы сессиясы 2016 жылғы 3-6 қараша күндері Конья қаласында SESRIC және Ислам Даму Банкінің ұйымдастыруымен, ИЫҰ мүше 34 елдің ұлттық статистикалық қызметтерінен 65 делегаттарының қатысуымен өтті.
Алтыншы отырыс ИЫҰ Секретариятының 5-ші сессиясынан кейінгі атқарылған қызметін анализдеп қарастырды. Сонымен қатар, ұлттық қызмет және халықаралық агенттіктердің өкілдері келесі тақырыптар бойынша презентациялар көрсетіп, сәкесінше салалар бойынша ықтимал ынтымақтастық варианттарын талқылады.
● Тұрақты Даму Мақсаттары жүйесін енгізу барысындағы ұлттық статистикалық жүйе ролі;
● 2015 жылдан кейінгі есептік даму жүйесі үшін қаржыландыру маниторнгін және инклюзивті өлшеу жолдары; сонымен қатар,
● Адами ресурстар дағдысын ұлғайту және архитектуралық моделдеу арқылы ұлттық статистикалық жүйені модернизациялау.
Ресми статистиканы түрлендіру Бағдарламасы үшін ВЕКЦА елдерінің Конференциясы
2016 жылғы 3-7 қазанда Минск қаласында Ресми статистиканы түрлендіру Бағдарламасы үшін ВЕКЦА елдерінің Конференциясы және «Ресми статистиканы модернизациялау» тақырыбындағы ВЕКЦА елдеріне арналған Жоғары деңгейдегі Семинары өтті.
«Ресми статистиканы модернизациялау» тақырыбындағы Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін Жоғары деңгейдегі Семинар 2016 жылғы 3-5 қазан күндері Минск қаласында өтті.
Іс-шараға ВЕКЦА және Моңғолия, Еуропалық одақ (Еуростат), Еуропалық статистикалық жүйесі (ЕСЖ) статистикалық қызметтерінің өкілдері, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы, БҰҰ Статистикалық бөлімі (БҰҰ СБ), сонымеен қатар Беларусь Республикасындағы Еуропалық одақ Өкілдігінің Басшысы қатысты.
Семинарда ЕСЖ және ВЕКЦА елдерінде соңғы жылда болған сапа саласы бойынша жаңартылған жаңалықтар ұсынылды. Сонымен қатар семинарда статистика қызметін құқықтық басқару, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, әкімшілік деректерді өндірушілер арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері және Еуростат және ВЕКЦА елдері арасындағы статистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
2016 жылғы 6-7 қазанда Беларусь Республикасы Ұлттық статистикалық комитетінде БҰҰ Статистикалық бөлімі, БҰҰ Азия және Тынық мұхиты (ЭСКАТО) үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мен Белстаттың ұйымдастыруымен «Ресми статистиканы модернизациялау» тақырыбындағы Конференция өтті. Конференция даму саласындағы 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму бағдармасы және басқа да жаhандық, аймақтық және ұлттық стратегиясы мен бастамасы негізіндегі өтіп жатқан аймақтық конференциялардың бірегейі болып табылады.
Конференцияға ВЕКЦА елдері өкілдері, Ресей Федерациясы Федералдық мемлекеттік статистикалық қызметі (Росстат), Еуразиялық экономикалық комиссиясының Статистика департаменті (ЕЭК СД) және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекетаралық статистикалық комитетінің өкілдері қатысты.
Сессиялар және секциялық отырыстар шеңберінде келесі мәселелер талқыланды:
● Модернизациялау және ресми статистиканы түрлендіруді қолдауға арналған статистикалық деректер құндылығының өзгерісі мен табыстау:
● Деректерді жинау, өңдеу және жариялау саласындағы технологиялық дамуды актуализациялау: озық тәжірибе және қарсы шығулар:
● Статистиканы жаhандық, аймақтық және ұлттық дәрежеде түрлендіру үшін ортақ ойды қалыптастыру
ЕЭК Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің 9-шы отырысы
2016 жылғы 29-30 қыркүйекте Минск қаласында ЕЭК Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің 9-шы отырысы өтті
2016 жылғы 29-30 қыркүйекте Минск қаласында Интеграция және макроэкономика Алқасының мүшесі (Министрі) Татьяна Валоваяның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Статистика жөніндегі Консультативтік комитеттің тоғызыншы отырысында 2016-2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы Интеграцияны дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарының негізгі іс-шаралары және келесі жылға арналған Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистикалық жұмыс бағдарламасының жобасы қарастырылды.
Отырыстың қатысушылары мүше мемлекеттердің еңбек нарығындағы жағдайын мониторингтеу үшін Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарын қолдану жөніндегі ұсынымдар жобасын, 2020 жылғы раундтың халықтың ұлттық санақ парақтарына еңбек қызметі және көші-қоны мәселелері бойынша модельдік сұрақтар блогын енгізу, сондай-ақ (МСКО 2011) білім берудің халықаралық стандартты жіктелімін пайдалануы талқыланды.
Отырыс барысында қаржылық статистика бойынша деректерді беру үшін SDMX форматының апробация нәтижелері бойынша ақпарат берілді. «Біз әріптестерімізге Қазақстан Республикасының статистикалық ақпаратын Комиссияға жолдау үшін SDMX форматтың пайдалану бойынша пилоттық жобасының нәтижелерін ұсындық, - деп Татьяна Валовая кездесу қорытындысы бойынша мәлім етті. – Осы форматты пайдалану статистикалық ұйымдардың бизнес-үдерістерін жақсартуға көмектеседі және Одақтың бірыңғай сандық кеңестігін қалыптыстыру мақсаттарына сәйкес келеді.
Комитет мүшелері Комитет жанынан құрылған кіші комитеттердің, жұмыс және сарапшы топтардың, олардың жаңартылған құрамдарын және жұмыс нәтижелерін бекітті. Комитеттің келесі отырысын 2017 жылы Мәскеуде өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
ТМД мүше мемлекеттерінің Статистикалық қызметтері басшылары Кеңесінің 55-ші отырысы
2016 жылғы 6-8 қыркүйекте Ашхабад қаласында Статистика комитетінің қызметкерлері ТМД мүше мемлекеттерінің Ұлттық статистикалық қызметтері басшылары Кеңесінің 55-ші отырысына қатысты
2016 жылғы 8 қыркүйекте Ашхабад қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүше мемлекеттерінің статистикалық қызметтері басшылары Кеңесінің 55-ші отырысы өтті. Отырысқа ТМД мүше мемлекеттерінің ұлттық статистикалық қызметтері, ТМД Атқарушы комитеті, ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.
Кеңес 2020 жылғы раунд бойынша халық санағының дайындық барысы, ТМД аймағындағы халықаралық салыстырулар бағдарламасы шеңберіндегі бірлескен жұмысты ұйымдастырудың ағымдағы және перспективалық мәселелері, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын бағалау үшін ұсынылған көрсеткіштер тізбесін қалыптастыру мен байланысты мәселелер де қарастырды.
ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің дайындаған 2015 жылғы жағдай бойынша ТМД елдерінде ЖІӨ көрсеткіштерін есептеудің ағымдағы практикасына шолуы тыңдалды. Кеңестің 55-ші отырысында ТМД Мемлекетаралық статистика комитетінің 2017 жылға арналған жұмыстар бағдарламасы бекітілді.
Кеңес ТМД Статистика комитетіне Түркіменстан Мемлекеттік статистика комитетінің төрағасы Ораева Айна Нурмаммедқызының 2017 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Статистикалық қызметтері басшыларының кеңесінде Түрікменстанның төрағалығы ұсынысымен Түрікменстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүгінуді тапсырды.
2017 жылы Кеңестің тең-төрағалары – Хасанзода Гулнора Кенджа – Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігінің директоры және Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің төрағасы - Тураев Ботир Эшбаевич.
ЕЭК Статистика бойынша консультативтік комитеттің 8-ші отырысы
2016 жылғы 28 наурызда Мәскеу қаласында Статистика комитетінің қызметкерлері ЕЭК Статистика бойынша консультативтік комитеттің отырысына қатысты
28 наурызда Мәскеу қаласында Интеграция және макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша алқаның мүшесі (Министрі) Татьяна Валоваяның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссиясының Статистика бойынша консультативтік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) 8-ші отырысы өтті.
Комитеттің отырысы барысында 2016-2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕурАзЭО) статистика саласындағы интеграцияны дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру, интеграциялық әлеуетін қалыптастыру және бағалау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттерінің «Кіріс-Шығыс» ұлттық кестелерінің жетілдіру бойынша жұмыстарын өткізу мәселелері қарастырылды. Комиссия мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің өзара іс-қимыл туралы ақпарат, Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттерінің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыну үшін еуразиялық статистика және тауарлардың сыртқы және өзара саудасы бойынша ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату туралы регламенті ұсынылды.
Комитет Статистика жөніндегі Консультативтік комитеттің Ережесі жобасын мақұлдады, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің өндірісіні сипаттайтын көрсеткіштер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу бойынша жұмыс топтарының құрамын, көлік қызметінің көрсеткіштері бойынша ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін бекітті.
БҰҰ Статистикалық комиссиясының 47-ші сессиясы
2016 жылғы 8-11 наурызда Нью-Йорк қаласында БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Статистикалық комиссиясының 47-ші сессиясы өтті.
2016 жылғы 8-11 наурыз аралығында Нью-Йорк қаласында (АҚШ) БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Статистикалық комиссиясының 47-ші сессиясы өтті.
47-ші сессиясының жұмысына 142 елдің және 70 халықаралық ұйымдардың, БҰҰ өңірлік және функционалдық бөлімшелерінің делегаттары қатысты.
Статистикалық комиссияның 47-ші сессиясында тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің жаһандық көрсеткіштер жүйесін әзірлеу және одан әрі енгізу мәселелеріне баса назар аударылды.