Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Басшылық туралы

Комитет Төрағасы

Председатель Агентства

Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов

1979 жылы Жамбыл облысында туған. Қазақ.Үйленген.4 баласы бар.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.

2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді.

2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» РМҚ жұмыс істеді.

2003-2007жж. аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департамент директоры болып жұмыс істеді.

2007-2008 жж. «КАЗАгро «ҰҚ»АҚ басқарушы директор.

2008-2009жж. «КазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы.

2009 жылдың шілдесіне бастап желтоқсанға дейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты.

2009-2011жж. ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары.

2011-2013жж. ҚР Статистика агеттігінің Жауапты хатшысы

2013-2014жж. ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры.

2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылғы 26 мамырдан бастап - ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградамен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгілермен марапатталған.

Төраға:

1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

2) Комитет құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;

3) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;

4) Қазақстан Республикасы Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Комитет атынан өкілдік етеді;

5) Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларында мемлекеттік статистика саласындағы негізгі стратегиялық бағыттар және мақсаттар мен міндеттерді өз құзыреті шегінде айқындайды, Комитеттің бағдарламалық құжаттарының негізгі мазмұнын айқындайды;

6) кезекті жылға Статистикалық жұмыстар жоспарының қалыптастырылуын қамтамасыз етеді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бекітуге енгізеді;

7) Комитеттің регламентiн бекітеді;

8) Комитеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;

9) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының ережелерін бекітеді;

10) Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

11) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

12) Министрліктің жауапты хатшысына аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын тағайындауға ұсынады;

13) Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және кезекті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарының негізінде қалыптастырылатын Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;

14) статистикалық жарияланымдарды жетілдіру және ресми статистикалық ақпаратты тарату бойынша Комитет қызметінің бағыттарын айқындайды;

15) Комитеттің ақпараттық жүйелерін, ақпараттық технологияларын және ақпараттық қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды;

16) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мен стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

17) Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі әдіснамалық кеңестің қызметіне басшылық етеді;

18) статистикалық әдіснама бөлігінде статистиканың салалық басқармаларының қызметін үйлестіреді;

19) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы, статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді;

20) статистика мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және басқа елдердің ұлттық статистика органдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін шешеді;

21) аумақтық органдар жұмысын тоқсан сайынғы рейтингілік бағалау нәтижелерін бекітеді;

22) Комитеттің бюджеттік өтінімінің дайындалуын, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізетін Ұлттық экономика министрлігіне ұсынуды сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

23) Комитеттің қаржыландыру жоспарын және Комитеттің қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді;

24) Министрмен келісім бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК басшысын тағайындайды және қызметінен босатады;

25) Кәсіпорын басшысының ұсынысы бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК басшысының орынбасарларын, бас бухгалтерін, филиалдарының директорларын тағайындайды және қызметінен босатады;

26) Министрлікке «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық–есептеу орталығы» ШЖҚ РМК қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын бекітуге енгізеді;

27) құрылымдық бөлімшелер, аумақтық органдар және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық–есептеу орталығы» ШЖҚ РМК басшыларының қатысуымен Комитеттің кеңейтілген отырысын өткізу қажеттілігі, мерзімдері мен орны туралы шешім қабылдайды;

28) атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды;

29) тиісті қаржы жылына бюджеттік өтінімге қол қояды;

30) Комитеттің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асырады:
Комитеттің орталық аппаратының мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді;
сараптамалық комиссияның құрамын немесе сарапшыны (қажеттілігіне қарай) бекітеді;
конкурстық/аукциондық комиссияның құрамын бекітеді және хатшыны айқындайды;
конкурстық/аукциондық құжаттаманы бекітеді;
төлемнің есеп шоттарына қол қояды;
тауарларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актілеріне қол қояды;

31) мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады және өткізуге жауап береді, соның ішінде:
техникалық тапсырманы бекітеді;
конкурстық/аукциондық комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, веб-портал арқылы конкурсқа/аукционға қатысуға өтінімдерді қарайды, веб-порталда ашу, алдын ала рұқсат ету, рұқсат ету және мемлекеттік сатып алулардың (баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен, конкурс/аукцион тәсілімен, біз көзден тәсілімен) қорытындылары туралы хаттамаларына қол қояды, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда бұл өкілеттіктерді Комитеттің өзге лауазымды адамдарға жүктейді;
мемлекеттік сатып алулар жеңімпазымен мемлекеттік сатып алулар шартын жасасады;

32) наразылық-талап арыз жұмысын жүргізеді;

33) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен респонденттердің мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қаулыға шағымдарын қарастырады;

34) Белгіленген тәртіпте бекітілген іріктемелі тексеру тізіміне сәйкес тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, әкімшілік дереккөздерге қатысты қатысушылар құрамын өзгерту туралы актілерге қол қояды.

35) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, көтермелеу, үстемеақы төлеу, сыйлықақы беру және еңбек өтілін есептеу, демалыстар беру, демалыстан шақырып алу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, қызметін бағалау мәселелерін шешеді;

36) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

37) мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін шешеді;

38) Комитет құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.

39) Мыналарға:
заң басқармасына;
қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына;
халықаралық статистикалық ынтымақтастық басқармасына;
персоналды басқару қызметіне;
мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесіне басшылық етеді;

40) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

41) Комитетке жүктелген міндеттерді орындау және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

Төраға орынбасары

Заместитель Председателя  -  Джаркинбаев Жасер Азимханович

Гүлнара Мамырбайқызы Керімханова

1961 жылғы 31 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келген.

1983 жылы Мәскеу тоқыма институтын «табиғи және химиялық талшықтарды иіру» мамандығы бойынша бітірді.

2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.

1983 жылдан бастап 1992 жыл аралығында Казақ ССР Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің «Казгипротехлегпром» институтында инженер-технолог болып жұмыс істеген.

1993 жылдан бастап 1998 жыл аралығында «Алматекс» АҚ-да бас технолог және техникалық директор лауазымында жұмыс істеді.

1998 жылдан бастап 2001 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығында маман, жетекші маман, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2001 жылдан бастап 2004 жыл аралығында Алматы қаласының Ақпараттық- статистикалық орталығының бастығы болып жұмыс істеген.

2005 жылдан бастап 2007 жыл аралығында Алматы қаласы Статистика басқармасының маманы, бастықтың орынбасары болып жұмыс істеген.

2007 жылдан бастап 2009 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің департаменті директорының орынбасары, басқарма бастығы болып жұмыс істеген.

2009 жылдан бастап 2013 жыл аралығында Астана қаласы Статистика департаментінің бастығы лауазымын атқарған.

2013 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі департаментінің директоры лауазымында жұмыс істеген.

2014 жылы қазаннан бастап 2016 жылы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқарма басшысы лауазымын атқарды.

2016 жылғы 10 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Төрағаның орынбасары (Г.М. Керімханова):

1) өз құзыреті шегінде Комитет төрағасының актілері мен тапсырмаларын орындайды;

2) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынаста Комитеттің атынан өкілдік етеді;

3) келесі басқармалардың қызметін ұйымдастырады және жетекшілік етеді:
ұлттық шоттар;
құрылымдық статистика;
баға статистикасы;
өндіріс және қоршаған орта статистикасы;
қызмет көрсету және энергетика статистикасы.

4) жетекшілік ететін басқармалар бойынша:
Комитет төрағасына Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына енгізу үшін мемлекеттік статистика саласындағы стратегиялық бағыттар және мақсаттар мен міндеттер бойынша, Комитеттің бағдарламалық құжаттарының мазмұны және кезекті жылға Статистикалық жұмыстар жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
өз құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының, Статистикалық жұмыстар жоспарының, сондай-ақ басқармалардың жұмыс жоспарларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

5) Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес дайындалатын құжаттарға қол қояды;

6) статистикалық үдерістердің, статистикалық деректердің және ресми статистикалық ақпараттың талап етілетін сапасын қамтамасыз етеді;

7) қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша шығыстардың экономикалық жіктелімінің әрбір ерекшелігі бойынша бюджеттік өтінімнің шығыстар түрлері бойынша егжей-тегжейлі есептерге және негіздемелерге қол қояды;

8) құрылымдық бөлімшелер қызметінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша Комитеттің Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын келіседі;
құрылымдық бөлімшелер қызметінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін келіседі;
әзірлеушісі ол жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер болып табылатын құрылымдық бөлімдердің мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша бұйрық жобаларын келіседі;
конкурстар/аукциондар тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерін өткізуге қатысады.

9) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Төраға орынбасары

Көшкімбаев Нияз Жеңісұлы

Көшкімбаев Нияз Жеңісұлы

Көшкімбаев Нияз Жеңісұлы 1979 жылы 5 қыркүйекте Қарағанды облысында дүниеге келген.

2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «тау-кен инженері-электрик» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «экономист-заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылғы сәуірден бастап қазанға дейін «РИФ» БФ ЖШС-да ұйымдастыру мәселелері бойынша директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2002 жылғы қарашадан бастап желтоқсанға дейін «Мередиан-П» ЖШС-да менеджер-маркетолог болып жұмыс істеді.

2003 жылғы маусымнан бастап тамызға дейін ҚР ПІБ МТҚ Базасының маркетинг және жабдықтау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2003 жылғы қазаннан бастап 2005 жылғы ақпанға дейін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2005 жылғы ақпаннан бастап 2006 жылғы наурызға дейін Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы, бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2006 жылғы наурыздан бастап 2007 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бас маман болып жұмыс істеді.

2007 жылғы ақпаннан бастап сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бас маман болып жұмыс істеді.

2007 жылғы мамырдан бастап 2009 жылғы наурызға дейін «ҚазАгро» ҰХ» ҰК АҚ-да менеджер, бас менеджер болып жұмыс істеді.

2009 жылғы ақпаннан бастап шілдеге дейін «ҚазМитИндастри» ЖШС-да қаржы директоры болып жұмыс істеді.

2009 жылғы қазаннан бастап 2010 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2010 жылғы қарашадан бастап 2014 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, директоры лауазымдарына қызмет етті.

2014 жылғы қазаннан бастап 2017 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылғы 8 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен, «Статистика үздігі» төс белгісімен марапатталған.

Статистика комитетінің әдеп жөніндегі уәкілінің функцияларын орындайды.

Төрағаның орынбасары (Н.Ж. Көшкімбаев):

1) өз құзыреті шегінде Комитет төрағасының актілері мен тапсырмаларын орындайды;

2) «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру әрі мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі қызметін жүзеге асырады;

3) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Комитеттің атынан өкілдік етеді;

4) келесі басқармалардың жұмысын ұйымдастырады және жетекшілік етеді:
статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер ақпараттық технологиялар пайдаланушылармен жұмыс қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету;

5) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне жетекшілік етеді;

6) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;

7) ақпараттық жүйелердің жұмысы және енгізу жоспарларын қалыптастырады;

8) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын бақылайды;

9) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК және оның облыстар бойынша, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторингіні және бақылауды қамтамасыз етеді;

10) жетекшілік ететін басқармалар бойынша Комитет төрағасына Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына енгізу үшін мемлекеттік статистика саласындағы стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, Комитеттің бағдарламалық құжаттарының мазмұны, кезекті жылға Статистикалық жұмыстар жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

11) өз құзыретінің шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының, Статистикалық жұмыстар жоспарының, сондай-ақ басқармалардың жұмыс жоспарларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

12) ақпараттық жүйелердің, ақпараттық технологиялардың және ақпараттық қауіпсіздік және статистикалық тіркелімдер, жіктелімдер және метадеректер жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

13) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес дайындалатын құжаттарға қол қояды;

14) статистикалық үдерістердің, статистикалық деректердің және ресми статистикалық ақпараттың талап етілетін сапасын қамтамасыз етеді;

15) қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша шығыстардың экономикалық жіктелімінің әрбір ерекшелігі бойынша бюджеттік өтінім шығыстарының түрлері бойынша егжей-тегжейлі есептерге және негіздемелерге қол қояды;

16) Комитеттің бюджеттік өтінімінің уақтылы дайындалуын, бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

17) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді, Комитеттің жылдық қаржыландыру жоспарына қол қоюды қамтамасыз етеді;

18) құрылымдық бөлімшелер қызметінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша Комитеттің Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын келіседі;

19) құрылымдық бөлімшелер қызметінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін келіседі;

20) әзірлеушілері ол жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер болып табылатын мемлекеттік сатып алулар бойынша бұйрық жобаларын келіседі:

21) конкурстар/аукциондар тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерін өткізуге қатысады;

22) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 222 60 16
+7 7172 749002
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter